
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Қарт адамдарға қолдау көрсету айлығы және Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының комитеті кәсіподақ белсенділерімен және кәсіподақ ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге қатысушыларды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Е. Аюпов құттықтап, Салалық кәсіподақтың соңғы уақыттағы жетістіктеріне тоқталды.
Берік Елубайұлы сондай-ақ облыс білім беру кәсіподағының сала қызметкерлерінің проблемаларын шешудегі, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы елеулі жетістіктерін, кәсіподақ мүшелерін сауықтырудағы, ауылдық жерлерде тұратын педагогтар үшін коммуналдық қызметтерді өтеу мәселелерін шешудегі және жұмыс берушінің қаражаты есебінен медициналық тексеруден өтудегі оң серпінді атап өтті.
Сөз сөйлеген аудандық комитеттердің төрағалары ардагерлерге көпжылдық еңбегі, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.
Ардагерлер шай ішіп, өз естеліктерімен бөлісіп, өңірдегі кәсіподақ қозғалысының қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімеледі, сондай-ақ жас кәсіподақ көшбасшыларына құнды кеңестер берді.
Ардагерлер білім беру қызметкерлерінің құқықтарын қорғау ісінде одан әрі табыстар тіледі. Кездесу соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.
-
Фото
-