
МАРАПАТ ИЕЛЕРІН ТАПҚАН СӘТ
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Қазақстан кәсіподақтар күні мен Жұмысшылар жылына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында білім саласында абыройлы еңбек етіп жүрген ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегі ерекше аталып өтті. Әлия Молдағұлова атындағы негізгі орта мектептің, Н.Байғанин атындағы мектеп-бақшасының және Теректі мектеп-бақшасының 80-ге жуық қызметкері кәсіподақ ұйымы тарапынан марапатталды.
Оларға еңбекте жеткен жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлестері үшін Алғыс хаттар мен сыйақылар табысталды.
Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова өз сөзінде марапат иелерін құттықтап, оларға зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тіледі.