
ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕН БАС ЕСЕПШІЛЕР
«Еңбек күні» мен «Есепшілер күні» және «Кәсіподақтар күніне» орай, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 120 жылдығы аясында білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ төрағалары мен бас есепшілері арасында «Біз біргеміз» атты тимбилдинг шарасы Айрақты ауылы №21 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды.
Тимбилдингтің басты мақсаты-еңбек ұжымдарының ынтымақтастығын нығайту, кәсіподақ мүшелерінің бірлігін арттыру.
Қатысушылар түрлі ойын - жаттығуларына қатысып, ұйымшылдық көрсетіп, қолдаушыларына жақсы көңіл-күй сыйлады.
Тимбилдингке білім беру ұйымдарынан 80 кәсіподақ мүшесі қатысты. Барлық қатысушыларға сыйлық сертификаттар табысталды.
Шара соңында Мұнайлы ауданы бойынша кәсіподақ төрағасы Р.Текеева жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін берді және бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Сонымен қатар №9 жалпы білім беретін мектептің бас есепшісі Койшина Ажаргуль Калдыгуловна мен №8 «Алтын сақа» бөбекжайының есепшісі Шыгантаева Оңайша Акниязқызына шипажайға 50 пайыз жеңілдікпен жолдама табыстады.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы.