
БӨБЕКЖАЙ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Ақтау қаласы, №33 «Әлия» бөбекжайының 10 жылдық мерекесіне орай «Батыр рухы мен балалық шаттық тоғысқан мекен» тақырыбында іс-шара өте жоғары деңгейте аталып өтті.
Мерекелік шараға облыстық, қалалық білім бөлімінен мамандар келіп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар осы бөбекжайдың түлектері қазіргі мектеп оқушылары да өздерінің шынайы сөздерімен, өнерлерімен ыстық-ықыластарын жеткізсе, бөбекжай тәрбиеленушілері де тәп-тәтті тілдерімен, сүйкімді қылықтарымен сүйсіндірді.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова құттықтау лебізін айтып, облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымы тарапынан «Алғыс хат» пен гүл шоқтарын, сыйлық сертификатын және ұйымның ардагер қызметкерлеріне «Алғыс хат» пен сыйлық сертификаттар табыстады.
Кеш соңында ұйымға ата-аналар тарапынан да алғыстар айтылды .
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы.