
СЕМИНАР ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРҒА АРНАЛДЫ
Қазан айының 22 күні Күйкен жалпы білім беретін мектебінің акт залында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен есепшілеріне және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты. Зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шартын бұзу» тақырыбында көшпелі облыстық семинар өтті.
Спикерлер: облыстық кәсіподақ төрағасы Т.Баймбетова, құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.С.Храмова, маман Р.Сулейменов.
Семинарға кәсіподақ көшбасшылары мен кәсіподақ мүшелері қатысты. Семинар барысында қойылған сұрақтарға нақты құқықтық жауаптар берілді.
Семинар соңында ауданның белсенді мектеп директорлары - әлеуметтік әріптестер және есепшілеріне облыстық кәсіподақтың «Құрмет грамоталары» мен серитфикат-сыйлықтары табысталды.
Күннің 2-жартысында облыс мамандары «Үстірт», «Сам», «Қалдығараев» атындағы жалпы білім беретін мектептердің ұжымдарымен кездесті.
Кездесуде кәсіподақ қызметі, «Педагог мәртебесі туралы» заңында, екі жақты келісім мен ұжымдық шарттарда қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпараттар берілді. Белсенді кәсіподақ мүшелері-мұғалімдер, кіші қызметкерлер марапатталды. Кездесулер мазмұнды, нәтижелі өтті .
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-