КІТАПХАНАШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
22 қазан күні Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық орталық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күніне және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған «Кітапхана қоры: талдау, қолдану, толықтыру, тіркеу, сақтау» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – кітапхана қорын тиімді басқару, оқырман сұранысына сай толықтыру жолдарын қарастыру, қорды сақтау мен тіркеу сапасын арттыру, кітапханашылардың кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Іс-шараға аудан көлеміндегі ауылдық және мектеп кітапханаларының кітапханашылары, ардагер мамандар, аудандық мәдениет және білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.
Семинар барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
•кітапхана қорын талдау және сараптау тәсілдері;
•қорды толықтыру жолдары, жаңа әдебиеттермен қамтамасыз ету;
•қорды қолдану мен насихаттау әдістері;
•қорды тіркеу және есепке алу талаптары;
•қорды сақтау мен қалпына келтіру жолдары;
•кітапханашылардың құқықтары, кәсіподақтың әлеуметтік қорғаудағы рөлі.
Семинар соңында белсенділік танытқан кітапханашылар аудандық білім
бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Қатысушылар тарапынан семинар жоғары бағаланып, мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу ұсынылды.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы.