КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
Маңғыстау облыстық ұйымы өкілдері Бейнеу Политехникалық колледждің директоры және ұжымымен кездесті, ұжым 100 пайыз кәсіподақ мүшесі!
Колледж Бейнеу ауданы ғана емес, бүкіл өңір үшін кәсіби мамандар даярлайтын алаң. Сонымен қатар Бейнеу гуманитарлық колледж ұжымымен мазмұнды кездесу болды. Одан әрі «Бейнеу» жалпы білім беретін мектептің ұжым қызметкерлерімен кездесіп, кәсіподақ ұйымының міндеттері мен ұжымдық шартқа енгізілген артықшылықтар және Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2023 - 2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қойылған түрлі сауалдарға толық нақты жауаптар берілді. Ұжым қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіріп, осындай мазмұнды шаралардың жиі өтіп тұруына ұсыныстарын білдірді.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-