МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ
Бүгін, ұлттық мереке – Республика күніне орай, Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысы Талғат Құрақбайұлы мен Жалағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлзат Ердәулетқызының қатысуымен ұстаздар мен сала қызметкерлеріне арналған мерекелік қабылдау өтті.
Іс-шара барысында білім бөлімі басшысы жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, ел тарихы мен бүгінін дәріптеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету бағытында еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға алғыс білдіріп, мерекемен шын жүректен құттықтады.
Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ комитеті мен білім бөлімінің атынан бірқатар ұстаздар мен сала қызметкерлеріне мерекелік марапаттар табыс етілді.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!