ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Білім – ұлт болашағының іргетасы. Сол іргетасты қаланатын тұлға – ұстаз. Осындай жауапты жолды таңдаған жас мамандардың бірі – Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің физика пәні мұғалімі Аружан Иманғазы.
Еңбек жолын жаңа бастағанына қарамастан, Аружан өз ісіне адалдығын және шәкірт тәрбиелеуге деген жауапкершілігін көрсете білді. Сабақтарында зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді жиі қолданып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға күш салып келеді. Ол физиканы өмірмен байланыстырып түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, зерттеушілік бағытқа баулиды.
Жас маманның еңбегі шәкірттерінің жетістіктерінен көрінеді. Оның оқушылары аудандық және облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ұстаз еңбегі еленіп, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған.
Қазіргі таңда Аружан Иманғазы Қосөткел негізгі орта мектебінде мобильділік негізінде және онлайн форматта сабақ беріп жүр. Бұл тәжірибе оған заманауи технологияларды меңгеріп, оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.
Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында түрлі семинарлар мен форумдарға қатысып, бірқатарында мастер-класс өткізген.
Аружан Иманғазы үшін мұғалімдік – өмірлік шабыт пен мотивация көзі. Ол өз ісіне сүйіспеншілікпен қарап, әр шәкіртіне білім мен сенім дәнін сеуіп келеді.