КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕЛЕРІ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облысы Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ерменбай Майлыбаев Бірінші мамыр жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, мұғалімдердің мәртебесін арттыру, еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық келісімшарттардың орындалуын бақылау және кәсіподақ жұмысының маңыздылығына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ төраға ұстаздардың әлеуметтік қолдауға, моральдық және материалдық ынталандыруға қатысты пікірлерін тыңдап, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін көмек пен кеңес беру бағытындағы жұмыстар жайлы ақпарат берді.
Мектеп ұжымы атынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Арзымбетова, Р.Тастанбекова және педагогикалық қауым өкілдері сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Ұжым мүшелері кәсіподақ ұйымының мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді жұмысына ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай мазмұнды кездесулер кәсіподақ пен білім беру ұйымдары арасындағы өзара серіктестікті нығайтып, ұстаздардың бірлігін арттыруға септігін тигізеді.