АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі базасында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәртіпке үйретуде «Үздік алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі – 2025» қалалық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану және шығармашылық әлеуетін дамыту болды.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегі нәтижелер анықталды:
І орын – Ерназаров Айболат, Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп;
ІІ орын – Жалғасбаев Азамат, №295 «Келешек» мектебі;
ІІІ орын – Аймухамедов Әлібек, №215 мектеп.
Арнайы номинациялар бойынша:
«Үздік педагог шебер» номинациясымен – Аймағамбет Нұржан, №144 мектеп;
«Үздік заманауи сабақ» номинациясымен – Басаров Нұрбол, №280 мектеп марапатталды.
Жеңімпаздар мен номинация иегерлері Қызылорда қаласының білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.
Облыстық кезеңге жолдама алған Абай атындағы ДБА мектебінің АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Ерназаров Айболат әріптесімізді құттықтай отырып сәттілік тілейміз!