КӘСІПОДАҚҚА МЫҢ АЛҒЫС !
Теміртау қаласы №24 орта мектебінің мұғалімдері 24–27 қазан аралығында Бурабайдағы «Дiscovery» демалыс орнында тамаша демалыс өткізді.
Бұл демалыс орнына алғаш рет баруымызға қарамастан, бізді жылы жүзді қызметкерлер ерекше ықыласпен қарсы алды. Келген сәттен-ақ көтеріңкі көңіл күй мен жайлы атмосфераны сезіндік. Ыстық шай мен тәтті тағамдардан басталған қонақжайлылық бізге үлкен әсер қалдырды.
Нөмірлерге орналастыру өте жылдам әрі ыңғайлы болды. Демалыс орнындағы жайлылық, тазалық пен табиғаттың әсемдігі көңілімізден шықты. Біз ересектерге арналған барлық іс-шараларға белсенді қатыстық: таза ауада серуендеп, велосипед тептік, қызықты квиз ойынына қатыстық, арқанды жолдан өтіп, ішкі және сыртқы жылы бассейндерде демалдық.
Әсіресе, аспаздардың дайындаған дәмді әрі түрлі тағамдары ерекше ұнады — әрбір ас тіл үйірерлік деңгейде болды. Барлық қызметкерлердің сыпайы қарым-қатынасы мен жылы шырайы демалысымызды одан әрі әсерлі етті.
Үш күндік демалысымыз көңілді, мазмұнды әрі есте қаларлықтай өтті. Осындай демалысты ұйысдастырған кәсіподаққа шын жүректен алғыс білдіреміз!
Керемет әсерге бөлендік, ендігі сапарымызда бұл әдемі мекенге қайта оралатынымызға сенімдіміз. 

Теміртау қаласы №24 орта мектебінің мұғалімдері Г.Арипова және К.Бахтыбаева .