ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облыстық ұйымының Төле би ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы Ерменбай Қасымұлы Майлыбаев Жаңа жол жалпы орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге мектеп директоры А.Асқарбекова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Бегасилов және мектептің барлық педагогикалық ұжымы қатысты.
Жиын барысында білім саласындағы кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, мұғалімдердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары, ұжымдық шарттардың орындалуы және педагогтардың кәсіби мәртебесін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелеріне заңнамалық өзгерістер мен әлеуметтік қолдау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ұжым өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Кездесу ашық пікір және өзара түсіністік жағдайында өтті. Мұндай іс-шаралар кәсіподақ пен білім ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ортақ мақсатқа жетуге жол ашады.