ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Қожатай Балдырған Балғабайұлы Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылы №143 орта мектебінің математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші – өз ісіне адал, білім мен ізденісті серік еткен жас ұстаз. 2024–2025 оқу жылында өткен «Ауыл мектебі – Сапа алаңы» республикалық семинарында жоғары кәсіби шеберлігі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатына ие болды. Дарынды оқушыларды тәрбиелеудегі еңбегі еленіп, «Дарынды балаға – талантты ұстаз – 2025» республикалық байқауында II орын иеленді. Ұстаз тәрбиелеген шәкірттер облыстық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда үздік нәтиже көрсетуде.
Ұстаздың жетістігі – табандылық пен талпыныстың, ізденіс пен іскерліктің жемісі. Шәкірт тәрбиесіндегі шығармашылық пен кәсіби өсу жолыңыз жалғаса берсін!