ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі жасанды интеллект дәуірінің жаңа талаптарына бейімделіп, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға айрықша назар аударуда. Осы бағытта «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында» педагогтарымыз, Алматы қаласы «Ұстаз» кәсіподағы мүшелері «Жасанды интеллект дәуіріндегі қосымша білім беру: ұлттық құндылықтарды сақтау мен инновациялық тәжірибені дамытуға бағытталған педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру» мәселесін талқылады. Іс-шараның басты мақсаты – қосымша білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, педагогтардың заманауи цифрлық және әдістемелік құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік бағыттағы инновациялық тәжірибелермен бөлісу болды.
Семинар барысында қатысушылар білім беру процесінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың заманауи тәсілдерін талқылады; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық жобалармен танысты; ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың жаңа үлгілерін ұсынды.
Практикалық бөлімде педагогтар өздерінің озық тәжірибелерін көрсетіп, жасанды интеллект элементтерін қолдануға арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Семинар қатысушылары білім беру үрдісінде технология мен ұлттық тәрбиенің үйлесімін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында белсенді педагогтар мен әдіскерлерге Алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.
«Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы Наурызбай аудандық «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» бастауыш ұйымы