ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?!
Бүгін Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Таукеева Манат Пазылбекқызы М.Қашғари атындағы мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұйым жұмысының барысы, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы және кәсіподақ қызметін жетілдіру жолдары талқыланды.
Кездесу өте жылы әрі ашық форматта өтті. Әрбір мұғалім өз сұрағын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, кәсіподақтың құқықтық қолдауы, әлеуметтік көмек түрлері және алдағы жоспарлары туралы толық ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер бастауыш ұйымның жұмысын жандандырып, мұғалімдер арасында өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайтады. Ұжым кәсіподақ төрайымына келіп, маңызды мәселелерге назар аударғаны үшін алғысын білдірді.