ТРЕНИНГ ШЕБЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбеде Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен педагог-психологтар арасында «Ең үздік тренинг» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – тренингтік жұмыстың тиімді әдістерін айқындау, қолдау және тәжірибеге енгізу, педагогтар мен психологтардың кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ интерактивті әрі тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізу тәжірибесімен алмасу болды.
Жарысқа қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігін, тренинг жүргізудегі жаңашыл тәсілдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, әртүрлі тақырыпта авторлық тренингтер ұсынды.
Байқау нәтижесінде ең үздік тренинг авторлары ретінде Айкерім Абдуалиева (“Балапан” мектепке дейінгі ұйымы), Алтыншаш Жүсіпова (“Ақбөбек” мектепке дейінгі ұйымы), Назерке Талғатқызы (“Балдырған” мектепке дейінгі ұйымы), Ақнұр Жұмағали (“Аққайың” мектепке дейінгі ұйымы) және Динара Ахметалина (“Балбұлақ” мектепке дейінгі ұйымы) марапатталды.
Байқау қорытындысында барлық қатысушылар кәсіподақ ұйымының арнайы марапаттары мен алғыс хаттарына ие болды.
-
Фото
-