ҰСТАЗДАР ЖАЙДАРМАНЫ
Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық кәсіподақ филиалының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында өткен «Бәрі мектептен басталады»жайдарман ойыны өз мәресіне жетті!
Жайдарманға 10 команда қатысып, тапқырлыққа толы әзілдерімен көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. Қатысушылардың өнері кештің сәнін келтіріп, нағыз шығармашылық мерекеге айналды.
Топ жарып жүлделі орындарға ие болған командалар:
3-орын – «Отыздан асып барамыз» командасы (Ботақара ЖББМ);
2-орын – «Байтұрсынұлы жастары» командасы (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ);
1-орын – «Руханият жастары» командасы («Руханият» қосымша білім беру орталығы).
Арнайы номинация иегерлері:
«Мен айтайыншы» (Қ. Боранбаев атындағы НОМ);
«Tea Cherry» (Көкпекті ЖББМ);
«Сегіздік селфи» (Сарытөбе НОМ).
Ынталандыру сыйлықтары
«Сабақ Star» (Токаревка тірек мектебі);
«Zoom батырлары» (Қушоқы ЖББМ);
«Ұстаз.app» (Нұра ЖББМ);
«Зымыран» (Мәнжі батыр атындағы Қаражар ЖББМ).
Шығармашылықтарымен, тапқырлықтарымен ерекшеленген және көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тамаша әсер қалдырған барлық қатысушыларды құттықтаймыз !
-
Фото
-