ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбеде Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 2025» аудандық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибені насихаттау және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Даржан аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев үздік педагогтарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, байқау барысында жоғары кәсіби дайындық көрсеткен алты педагог түрлі номинациялар бойынша Алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Айнұр Тілепиева, екінші орынды Дәурен Изжанов пен Гүлнұр Накеш иеленсе, үшінші орын Ләйла Ақпанова мен Венера Қайназароваға бұйырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау ұстаздардың кәсіби өсуіне, әдістемелік әлеуетін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді. Іс-шара педагогтардың шығармашылығын шыңдап, аудан бойынша пән мұғалімдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.