КӘСІПОДАҚТАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым Ерікқызы «№11«Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында мекеме меңгерушісі Әмірова Нұргүл Есімжанқызымен бірге ұжымдық шартының орындалуы, қосымша жүктеме, демалыс мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы таныстырылып, іс-құжаттарды жүргізу бағытында әдістемелік-көмек көрсетілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Туғанбаева Шырын Жақыпбекқызымен ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Құжаттар бойынша қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Жетісу облыстық ұйымы, Талдықорған қалалық филиалы