ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Зейнуллаев Мұхтар Ролланұлы - Қызылорда облысы, Арал ауданынына қарасты №220 орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, өз ісіне адал, кәсіби біліктілігімен және жаңашыл әдістемесімен ерекшеленетін ұстаз. 2025 жылы білім сапасын арттыруға бағытталған ізденісі мен тәжірибелік еңбегінің нәтижесінде «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2025» республикалық байқауында ІІ орынды иеленіп, шығармашылық шеберлігі мен ғылыми көзқарасының биіктігін дәлелдеді. Осы жетістіктің нәтижесінде «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдама беріліп, 2025 жылдың 27-31 қазан аралығында шипажайда кәсіби және рухани қайта жаңғырып, денсаулық пен күш-қуатын толықтырып қайтты.
Ұстаздың табысы – жүйелі еңбектің, тұрақты ізденістің және білімге деген жүрек қалауынан бастау алады.
Шығармашылық және кәсіби өрлеу жолы әлі де жалғаса берсін!