АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Сайын Шапағатов атындағы жалпы білім беретін мектепте Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі мамандары С.Умарбаев, Р.Сүлейменов Түпқараған аудандық филиалы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымына ұжымдық шарттың негізгі бөлімдерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жиынға мектеп әкімшілігі, Маңғыстау облыстық ұйымының Түпқараған аудандық филиалының төрағасы Г.Жолдыбаева, ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатысты.
Түпқараған аудандық филиал төрағасы Г.Жолдыбаева, облыстық кәсіподақ мамандары ұжымға ұжымдық шарттың мазмұны, өзгерістер мен толықтырулары, әлеуметтік-еңбек кепілдіктері және кәсіподақтың қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы рөлі жөнінде толық ақпарат берілді.
Талқылау барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұжымдық шарттың практикалық маңызы түсіндірілді.
Өткізілген түсіндірме жұмысы педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік кепілдіктерді түсіндіруге және кәсіподақ мүшелерінің ақпараттандырылуын күшейтуге бағытталды.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы