ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан қаласындағы «Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектепте» Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы тарапынан еңбек заңнамасының, ұжымдық шарт пен әлеуметтік әріптестік келісімдері талаптарының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылауды Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Е.Тілепберген, бас маман Б.,Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Д. Тұрманова жүргізді.
Тексеру барысында еңбек шарттарының рәсімделуі, бұйрықтардың заңдылығы, әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі және ұжымдық шарт талаптарының орындалуы жан-жақты зерделенді. Мекеме тарапынан басшы орынбасары, есепші және іс жүргізуші қажетті құжаттармен қамтамасыз етті.
Кәсіподақ ұйымы еңбек құқықтарының қорғалуы мен әділ еңбек жағдайының қамтамасыз етілуін басты назарда ұстайды.