ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Сыздықов Азамат Сәбитұлы – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-шебер, өз ісіне берілген, кәсіби біліктілігі мен жаңашыл әдістемесімен танылған ұстаз. Ол облыстық деңгейде қыздар баскетбол командасының аға жаттықтырушысы болып қызмет атқарады.
Педагогтың спорттық және жаттықтырушылық жетістіктері жыл сайын артып келеді. 2024 жылы ҚР 3×3 баскетбол чемпионатында (18 жас аралығында) командасы жүлделі І орынды иеленді.
Сол жылы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған «12-ші жазғы гимназия» жарысында да І орынға қол жеткізді.
2025 жылы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9–11 сыныптар арасында өткен республикалық додада тағы да І орынды жеңіп алып, өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеді.
Осы жоғары нәтиженің негізінде ұстазға «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдама беріліп, 2025 жылдың 27–31 қазан аралығында кәсіби әрі рухани тұрғыда қайта жаңғырып, денсаулығын нығайтып қайту мүмкіндігі ұсынылды.
Ұстаздың табысы – жүйелі еңбектің, үздіксіз ізденістің және мамандығына деген жүрек қалауынан бастау алады. Оның шығармашылық және кәсіби өрлеу жолы әлі де жалғаса беретініне сенім мол.