ҚҰРМЕТ ПЕН ЛЕБІЗГЕ ТОЛЫ ШАРА
26 қараша күні Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы төрағасы Жандос Шайдулла, Түркістан облысы білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" КММ басшысы Бахтыгүл Тастанбекова және орталықтың «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» бөлімінің әдіскері, бастауыш кәсіподақ төрағасы Бақыткүл Қаймолдаеваны зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Бахыткүл Бейсеқанқызы ұзақ жылдар бойы білім саласына адал қызмет етіп, «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» бағытының дамуына өз үлесін қосқан кәсіби маман ретінде танылды. Оның еңбегі әріптестер арасында құрметке, педагогтар тарапынан сенімге ие.
Кәсіподақ мүшесі ретінде де ұжымдық шараларға белсене қатысып, әрдайым ұстаздардың мүддесін қолдауға бағытталған бастамаларға жанашырлық танытып жүрді.
Жандос Шайдулла Бахыткүл Бейсеқанқызының еңбегін ерекше атап өтіп, кәсіподақ тарапынан алғыс білдіріп, болашақ өмір жолына ақжарма тілектерін жеткізді.
-
Фото
-