ЖАҢАӨЗЕН АУДАНЫ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ
Маңғыстау облысы білім басқармасы «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де 27 қараша күні Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында кең көлемді түсіндіру жұмыстары өткізілді. Шара Кәсіподақ ұйымының бастамасымен ұйымдастырылып, оған мектеп ұжымы толық қатысып, тақырыптың өзектілігіне ерекше назар аударды.
Шара барысында кәсіподақ төрағасы Ғ.Наукебаев сөз сөйлеп, цифрлық кеңістікте жиілеп бара жатқан қауіптер туралы, оның ішінде қыздар мен әйелдерге бағытталған онлайн-қудалау, кибербуллинг, жеке деректердің таралуы және интернет алаяқтықтың түрлері жөнінде тоқталып өтті.
Кәсіподақ мүшесі Н.Камалова баяндама жасап, LED экран арқылы слайдтармен тақырыпты кеңінен ашып көрсетті. Ол цифрлық зорлық-зомбылықтың түрлерін, оның алдын алу жолдарын, құқықтық жауапкершілікті және әрбір адамның өз деректерін қорғаудағы міндетін нақты мысалдармен түсіндірді.
Сонымен қатар, қатысушыларға:
-әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері,
-жеке деректерді қорғау тәсілдері,
-кибербуллинг белгілерін анықтау,
-интернеттегі зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету алгоритмі,
-қайда және қалай жүгіну керектігі сияқты маңызды ақпараттар ұсынылды.
Түсіндіру жұмыстары интерактивті түрде өткізіліп, қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Ұжым цифрлық ортадағы зорлық-зомбылықты азайтуда бірлескен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар интернет кеңістігінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қыздар мен әйелдердің құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы нөлдік төзімділік қағидатын ұстану қажеттілігі туралы ортақ ойға келді.
Ғ.Наукебаев,
Маңғыстау облысы, Жаңөзен арнайы мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фото
-