МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ НАУҚАНҒА ҚАТЫСУДА
«Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» халықаралық акциясы аясында Маңғыстау ауданының Онды ауылыныдағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің ұжымына түсінік жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынды.
Іс-шараға байланысты бір аптаға жоспар жасақталып, бекітілді. 2025 жылдың қараша–желтоқсан айларында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны аясында қоғамның хабардарлығын, цифрлық қауіптерге көзқарасын және іс-шараға қатысу тәжірибесін анықтау мақсатында мектеп психологы А.Төралиева
арнайы сауалнама дайындап, жұмыс жүргізілді.
Мұғалімдерден алынған сауалнама анонимді, жабық және ашық сұрақтардан тұрды.
Сауалнама нәтижелері науқан аясында жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауға және келесі кезеңдерде қоғамның цифрлық қауіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетін дамыту стратегиясын жетілдіруге мүмкіндік береді.
К.Саржанова,
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылы, Ә.Кекілбайұлы атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.