ТҮРКІСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулланың қатысуымен «Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі» МККК және «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» МККК 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Жандос Шайдулла білім саласының дамуына қосқан үлесі мен ұстаздар қауымына алғыс айтып, колледж ұжымын мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, жас мамандар мен студенттерге шығармашылық табыс, жаңа белестерді бағындыруға шабыт беретін жылы лебізін білдірді.
Мерейтой аясында концерттік бағдарламалар, дефиле көрсетілімі, педагог мамандар байқауы, айтыс және шығармашылық көрмелер ұйымдастырылып, колледждің 90 жылдық тарихы мен жетістіктері кеңінен көрсетілді. Бұл маңызды шара колледждің білім саласындағы мәртебесін, кәсіби дәстүрін және болашаққа сеніммен қарауын атап көрсетті.