КІТАПХАНАШЫ - МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ
Тобаева Гүлара Шүкірәліқызы – өз ісіне адал, еңбекқор, мәдениетті және ізденімпаз маман, бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Ол көп жылдан бері мектеп кітапханасында табанды еңбек етіп, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосып келеді.
Гүлара Шүкірәліқызы – өз саласының шебері. Ол кітапхана жұмысын жүйелі ұйымдастырып, оқу үрдісін сапалы ақпараттық және әдеби ресурстармен қамтамасыз етуде үлкен жауапкершілік танытады. Кітап қорын жаңарту, әдеби көрмелер мен тәрбие бағытындағы іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу арқылы оқушылардың рухани дүниесін байытып жүр.
Ол оқушылар мен ұстаздар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында түрлі әдеби кештер, поэзия сағаттары, оқырман конференциялары мен танымдық кездесулер ұйымдастырады. Өз кәсібін сүйетін ол – шығармашыл тұлға, ұжымда беделді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер.
Гүлара Шүкірәліқызы жас кітапханашылар мен педагогтарға тәжірибелік көмек көрсетіп, мектептің мәдени және рухани ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, кәсіподақпен бірлесе отырып барлық шараларға атсалысады. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленіп, қызметтік міндеттерін адал орындап және әр істе табандылық пен бастамашылық байқатады.
Көп жылдық адал еңбегі, оқушылардың рухани дамуына қосқан үлесі және өз ісіне деген сүйіспеншілігі үшін еңбегі ұжым тарапынан және аудандық, облыстық деңгейде лайықты бағалануда.
Тобаева Гүлара Шүкірәліқызы – өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, мәдениет пен білімнің насихатшысы, мектеп ұжымының мақтанышы.
Р.Текеева,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы төрағасы.