СҚО НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда білім беру мекемелерінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне» орай дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, құқыққорғау органдардың уәкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шаралардың мақсаты – әйелдердің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту, ана мен баланы қолдау, гендерлік теңдікті ілгерілету, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шаралар «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық науқаны аясында ұйымдастырылды.Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы қиын жағдайларды дер кезінде анықтау, зардап шеккендерге қолдау көрсету және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері, білім беру мекемелерінде, өткен дөңгелек үстел шарасында талқыға салынды. Қатысушылар осы мәселер бойынша өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Акцияға қатысты Привольное орта мектебінің кәсіподақ мүшелері осы тақарыпқа «Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты челендж өтті.Ломоносов және Көкалажар орта мектептерінің ұжымдары осы акцияға белсенді қосылып ақпараттық кездесулер өткізді
Әр өткізілген іс-шарада еңбек саласында әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және кәсіби табыстылығын дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.