КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова Еңбекші мектеп-балабақшасы, Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебі және “Айгөлек” бөбекжай-балабақшасында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайлары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, қызметкерлердің құқықтық қорғалуы және әлеуметтік мәселелердің орындалу деңгейі назарға алынды.
Одан соң кәсіподақ мүшелерімен арнайы кездесу өткізіліп, педагогтар мен қызметкерлердің сұрақтары тыңдалды. Жиында еңбек қатынастары, әлеуметтік қолдау тетіктері, құқықтық кеңес беру мәселелері талқыланды. Ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, жұмыс үдерісін жақсартуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Кәсіподақ төрағасы Назгүл Сәбенова мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да қоғамдық бақылауды тұрақты түрде жүргізу жалғасатынын жеткізді. Оның айтуынша, басты міндет – білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
-
Фото
-