ҚАРАЖАЛДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ НАУҚАНДЫ ҚОЛДАДЫ
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізу аясында зорлық-зомбылықты тоқтатудың заңды жолдары таныстырылуда.
«Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Қаражал қалалық ұйымы бастамасымен жергілікті кәсіподақтарда кездесулер ұйымдастырылды.
Шараларға Қаражал қалалық білім бөлімінің балалықты қорғау ұйымының бас маманы А.Күлбаева, Қаражал қалалық ауруханасының бас маманы А.Жылқыбаева, заңгер А.Әлиева, психолог-маман А.Қалимуллина және тағы да басқа мамандар қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлытау облыстық ұйымы
-
Фото
-