ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының, келісімдер мен ұжымдық шарттар талаптарының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылауды Түркістан облыстық ұйымының заңгері Ермахан Тілепберген, бас маман Бахтияр Абдураимов , сондай-ақ Сауран ауданы кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Жұмағали Бекмурзаев жүзеге асырды.
Қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 155-бабы және әлеуметтік әріптестік актілері негізінде ұйымдастырылып, мұғалімдер мен қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Тексеру барысында ұйым басшысының орынбасары, іс жүргізуші және кәсіподақ төрағасы мамандарының қатысуымен ұжымдық шарт, еңбек шарттары, басшылықтың бұйрықтары, сондай-ақ салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік келісімдері сияқты негізгі құжаттар жан-жақты зерделенді.
Бұл жұмыстар сала қызметкерлерінің құқықтық кепілдіктерін қорғауға және еңбек қатынастарының талапқа сай орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.