«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ»: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ КІТАП
Ел Президентінің бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл – еңбекке деген құрметтің, адамдарға деген ықыластың көрінісі.
Жұмысшы мамандықтары жылы мен Қазақстан Республикасы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы тоғысқан сәтте, Шығыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлері жергілікті кәсіподағы өңірдің кәсіподақ мүшелері – еңбек адамдарына арналған теңдесіз жинақты жарыққа шығарды.
Бұл жинақ – сан алуан тағдырлардың тоғысқан арнасы, алайда бәрін біріктіретін бір ғана ұлы идея бар, ол – қасиетті еңбек.
Ұсынылып отырған жинақта Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпіріндегі түрлі салада абыроймен еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің өмір жолы, кәсібіне деген шексіз сүйіспеншілігі асқан шабытпен баяндалған. Жинаққаеңбегімен айналасына шуақ шашқан абзал жан туралы ақпарат енген. Олардың тылсымға толы тағдырымен осы кітаптан танысуға болады.
Кітаптың тұсаукесері «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты Өскемен қаласында өткен салтанатты шарада жасалды.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жинаққа енген әрбір жанның еңбек жолы ШҚО білім кәсіподағының әлеуметтік желідегі парақшасында жыл бойы жарияланып отыратынын еске саламыз.
Бұл жоба – еңбек адамын ұлықтау, олардың маңдай терімен келген еңбегін бағалау жолындағы игі бастамалардың бірі.
Кітап кейіпкерлерінің еңбекке деген адалдығы мен өмірге құштарлығы оқырмандарын жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруға, тың шешімдер іздеуге жетелейтініне сенімдіміз.
Жинақ толықтай ШҚО жергілікті кәсіподағының бюджетінен төленіп, барлық жинаққа кірген жандарға сыйлық ретінде табысталды.
Жинақтың жарыққа шығуына сүбелі үлестерін қосқан кәсіподақ белсенділері мен аудандық, қалалық кәсіподақ төрағаларына шексіз алғыс білдіреміз!