ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – ҰСТАЗДАР!
Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай
«Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ«Жаңаарқа аудандық білім қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымы» филиалы,
Жаңаарқа білім бөлімі және
аудандық спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырған ұстаз ата-аналар арасындағы аудандық кең ауқымды спорттық жарыс жоғары деңгейде өтті.
Жарысқа аудан мектептерінен келген 6 мықты команда қатысып, тартысты да қызықты бәсекеде өздерінің шеберлігін, ұйымшылдығын, спорттық рухын айқын көрсетті.
Әр команда жеңіске деген жігерімен ерекше көзге түсті!
Барлық қатысушылардың жоғары деңгейдегі өнеріне қарамастан, үздіктер төмендегідей анықталды:
I орын – «Далабаевтар» командасы
II орын – «Көпеевтер» командасы
III орын – «Құсайыновтар» командасы
Нағыз тартысқа толы сайыс барысында командалар өзара сыйластық, қолдау және бірліктің үлгісін көрсетті.
Бұл жарыс – тек спорттық дода ғана емес, ұстаз ата-аналардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтқан, ортақ мақсатқа біріктірген тамаша шара болды.
Осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырған Жаңаарқа аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына, білім бөліміне және аудандық спорт бөліміне ерекше алғыс!
Ұстаздар тек білім беруде емес, спортта да көшбасшы екенін дәлелдеді!
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Бірлігіміз жарасып, жетістіктеріміз арта берсін! 