БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Қазақстан балалары» бағдарламасы- жарқын болашақтың бастамасы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полицияның қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы Махамбетова Гулнұр Дүйсенбекқызы, Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полицияның Ювеналды полиция тобының мектепке бекітілген инспекторы Ғалым Жұбатыр, ювеналды полиция тобының полиция лейтенанты Қайрат Еспанов, Қармақшы аудандық білім бөлімінің Кәсіподақ комитетінің төрайымы Ләзщат Есханова, «Жастар денсаулық орталығының» қызметкері Кетебаева Амина Тахирқызы, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұржұман Пірназаров қатысты.
Кездесудің мақсаты- жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, тұрмыстық, отбасылық зорлық- зомбылықтан қорғау, буллинг, кибербуллингпен күрес, еліміздегі балалардың болашағының жарқын болуы аясында бағдарламаның қабылдануын насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы жастар қоғамдық ұйымдарының ұсыныстарын қолдауды, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстарды күшейту бағытында болды.
Кездесу барысында №105 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қозыбақов жүргізіп, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, сұхбат өткізілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың IV Ұлттық Құрылтайдағы берілген тапсырмаларына тоқталып, «Қазақстан балалары» бағдарламасының маңызды құжат екенін атап өтті.
Сонымен бірге биология пәні мұғалімі Үміт Бухарбаева зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Кездесуде 6 «Ә» сынып, 9-10 сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жастар қоғамдық ұйымының өкілдері құқық бұзушылықтың, тұрмыстық әйелдер мен қыздарға байланысты зорлық- зомбылықтың болдырмау, буллинг пен кибербуллингпен күрес бағытындағы жұмыстарға тоқталып, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде сөз алған аудандық білім бөлімінің Кәсіподақ комитетінің төрайымы Ләззат Есханова құқық бұзушылықтың алдын алуда оқушылар мен жасөспірімдер арасында бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жайлы ой-пікірін жеткізді.