ҰЖЫМ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау – қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарты. Осы бағытта Ақтөбеде Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова Тоғыз орта мектебі, Қарашоқат орта мектебі, Шоқысу негізгі мектебі және «Бәйшешек» бөбекжай-бақшасында қоғамдық бақылау жүргізді. Іс-шараның мақсаты — білім беру ұйымдары қызметкерлері үшін заманауи, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық бақылау барысында еңбек заңнамасының қолданылу ерекшеліктері түсіндіріліп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты кеңестер берілді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы және еңбек шарттарының жүргізілу тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Ұжым мүшелерімен кездесулер өткізіліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
-
Фото
-