СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
5 желтоқсан күні Абай облысының Үржар ауданында «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында ақпараттық–түсіндіру семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: цифрлық зорлық-зомбылықтың мәнін түсіндіру, одан қорғану және алдын алу жолдарын үйрету,қыздар мен әйелдердің қауіпсіз ортада дамуына жағдай жасау.
Семинарға Үржар ауданы Әйелдер алқасының төрағасы Б.Оразбаева, Әйелдер қауымы комитетінің еңбекші өкілі Б.Ракишева, медициналық сала әйелдер алқасының мүшесі Ф.Сүлейменова, Үржар АПБ Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тобының аға инспекторы, полиция майоры Ә.Қажбекова, сондай-ақ аудан мектептерінің комиссия мүшелері белсенді қатысты.
Семинар барысында тақырыпты жан-жақты ашатын слайдтар, бейнероликтер ұсынылып, ақпараттық баяндама оқылды. Қатысушылар арасында ой бөлісу, пікір алмасу, сұрақ-жауап, еркін әңгімелесу өткізіліп, мәселе жан-жақты талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушыларға «Қауіпсіздік ережелері» және «Қолдау телефондары» жинақталған ақпараттық кітапшалар таратылды.
Семинар қорытындысында бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың жоспары белгіленді.
А.Данабекова,
Үржар аудандық еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрағасы
-
Фото
-