ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Еңбек дауларының алдын алу және ұжымдағы түсіністікті нығайту мақсатында Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы келісу комиссиясы мүшелеріне арналған оқыту жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті шара Алакөл ауданында өтті. Филиал төрағасы Кенжебек Алпысбаев семинардың маңыздылығына тоқталып, 60-тан астам бастауыш кәсіподақ ұйымын қамтитын филиалдың жұмысынтілге тиек етіп, келісу комиссиясының 253 мүшесін арнайы оқытудан өткізіп, білімдерін жетілдіруді көздейтінін жеткізді.
Семинарға ауданға қарасты білім беру ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиын барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов келісу комиссияларының рөлін күшейтудің маңызын атап өтіп, кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан еңбек дауларының түрлері, оларды шешу тәртібі, келіссөз жүргізудің тиімді әдістері және комиссия мүшелерінің міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Алакөл ауданында өткен бұл оқыту семинары келісу комиссияларының кәсіби дайындығын күшейтіп, еңбек дауларын заңға сай және әділ шешуге ықпал етті.
Жетісу облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-