ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ
Ақтөбеде Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту және озық тәжірибелерді дәріптеу.
Бұл фестиваль ұстаздардың жаңашыл идеяларын, әдістемелік ізденістерін таныстырып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.
Байқау нәтижесінде жүлделі орындарға Қаракемер негізгі мектебінен Диана Әмірғали, Талдысай орта мектебінен Айман Сарқұлова, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептен Нұрай Дүйсенова, Жарық мектеп-балабақшасынан Гүлмира Зингина, Жиренқопа мектеп-бөбекжай балабақша кешенінен Гүлдана Абдешева, сондай-ақ И.Тайманов атындағы гимназиясының ұстазы Индира Балуанова лайық деп танылды. Қазылар алқасының шешімімен жоғары ұпай жинаған қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Марапаттау рәсімінде Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев үздік педагогтарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.