АБАЙ ОБЛЫСЫ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Абай облысында кәсіподақ ұйымдары «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына белсенді қатысуда.
«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК кәсіподақ ұйымының әйелдер комиссиясының ұйымдастыруымен әйелдер қауымына арналған семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг әйелдердің ситуациялық жағдайлардан шығу жолдары мен сұрақтарға жауап бере отырып, отбасы мен қоғамдағы рөлін басты назарға аударту арқылы, белсенділік танытуымен жоғары дәрежеде өтті.
Бесқарағай ауданы мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қатысушылар заманауи интернет-платформаларда жиі кездесетін кибербуллинг, қудалау (stalking), жеке деректерді тарату, жалған ақпарат тарату сияқты цифрлық зорлық түрлерін талдап, олардың қоғамға және психологиялық денсаулыққа әсерін атап өтті.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» жаһандық науқаны аясында Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ-де мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті.
Абай облыстық ұйымы
-
Фото
-