БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақтөбенің Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кіші техникалық қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтті.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова 92 қызметкерге Алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыларды табыстады. Ол өз сөзінде техникалық қызметкерлердің білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысын қамтамасыз етудегі маңызын ерекше атап, олардың еңбегі үнемі құрметке лайық екенін жеткізді.
Айта кетейік, кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылған бұл марапаттау ұжымдардағы техникалық қызметкерлерді қолдауды, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуді және еңбегін елеуді мақсат етеді.
Мерекелік жиын жылы лебіздермен өрнектеліп, марапат иелерінің көңіл-күйін көтерген шараға айналды.