КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты салтанатты шара өтті. Бұл шара Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы ретінде ұйымдастырылды. Шараға ауданның білім саласында еңбек ететін түрлі мамандық иелері қатысты.
Құрмет көрсету рәсіміне Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ төрағасы Назгүл Қасенова, аудан әкімінің орынбасары Серік Жакитов, аудандық мәслихат төрағасы Бейімбет Болаев қатысты.
Бұл марапаттар – адал қызметтің, талмай еңбек етудің, кәсіби шеберліктің лайықты бағасы. Марапаттау рәсімінен кейін аудан мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінен құралған өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды.
Шығыс Қазақстан облысы