ҰСТАЗҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
Мұғалімдік мамандық – қасиетті кәсіп. Барлық саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан ұстаздар қатарында Атырау сервис колледжінің арнаулы пән оқытушысы Ақмарал Жолдасова есімі құрметпен аталады.
Ол ұзақ жылдардан осы оқу орнында өндірістік оқыту шебері, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушы. Еңбекқорлық, ізденімпаздық, әр сабағында жаңа технологияны пайдалана отырып мазмұнды өткізу оның басты мұраты. Талай шәкірттерге осы бір халыққа қызмет көрсететін саланың қыры мен сырын түсіндіріп, оларды сара жолға салуда еңбегі зор. Қаншама түлектердің жоғары биіктен көріне білінуіндеде ұстаздарының сенімі мен қолдауы бар деп білеміз.
А.Б. Жолдасова он жылдан астам аталған колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Ұжымдағы қызметкерлердің құқықтарын қорғап, әлеуметтік жағынан жан-жақты қолдауда, олардың қолайлы еңбек етулеріне күш салып келеді.
Бүгінгі Атырау облысы Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында Тәуелсізідк мерекесіне арналған шарада Ақмарал Жолдасова Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің атынан Алғыс хатқа ие болды. Аталған марапат биылғы «Жұмысшы мамандық жылы» аясында ұстазға көрсетілген құрмет деп білеміз.
Марапатыңыз құтты болсын, Ақмарал!
Атырау облыстық ұйымы
-
Фото
-