АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова жастарымен кездесті. Маңызды жиынға Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев, Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының келешек Жастар кеңесінің төрағасы Адина Аққағаз, аудандық кәсіподақ ұйымдары жанынан құрылған Жастар кеңестерінің төрағалары, жоғары оқу орындарының, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің және облыстық мектептердің жас мамандары қатысты.
Кездесу барысында облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова облыстық кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталып, жастарға көрсетіліп отырған қолдау шараларын ерекше атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақтың жастар саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен алдағы мақсаттар туралы баяндады. Жиында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.
Жиынға қатысқан Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы ұйымының Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев кәсіподақ жүйесіндегі жастарға берілетін мүмкіндіктер, олардың кәсіби және қоғамдық тұрғыда дамуына жасалып отырған жағдайлар туралы айтты.
Кездесу барысында жастар да сөз алып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Олар кәсіподақ жұмысына белсенді араласу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өңірлік деңгейде тәжірибе алмасу мәселелерін көтерді.
Өз кезегінде Мұғалжар және Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағалары ауданда өткізілген іс-шаралар туралы баяндап, жастардың бастамаларын қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы Жастар кеңесінің төрағасы болып Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ерасыл Әжбенов сайланды.
-
Фото
-