КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛЫП, ЖАҢА ЖОСПАРЛАР БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясы 2025 жылдың қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын таныстырды. Іс-шараға аудандық Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, негізгі жетістіктерді атап өтті. Облыстық ұйым төрағасы еңбекші әйелдердің бастамаларын қолдауға бағытталған жобаларға, кәсіподақтың әлеуметтік бағдарламалары мен оқыту шараларына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының алдағы мақсат-міндеттерін айқындап, 2026 жылға арналған нақты жоспарлармен бөлісті.
Жиынға онлайн қатысқан Салалық кәсіподақтың бас маманы Индира Сақауова сөз сөйлеп, еңбекші әйелдерге арналған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрағасы Жұмагүл Жұмабаева комиссия жұмысының маңызын атап өтіп, әйелдердің кәсіби және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған қолдау шаралары жөнінде тілге тиек етті.
Жиын барысында комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, ұйым қызметін жетілдіруге бағытталған басым бағыттар белгіленді.
Айта кетейік, кәсіподақ ұйымының жылдық қорытындысы мен жаңа жұмыс жоспары қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуге, әйелдер бастамаларын қолдауға, сондай-ақ олардың әлеуметтік және құқықтық мүдделерін қорғауды одан әрі нығайтуға бағытталған.
Жиын соңында қатысушылар алдағы жылға арналған жоспарлар мен міндеттерді нақтылап, өзара тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
-
Фото
-