АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырысқа кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев онлайн форматта қатысып, мүшелерді күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің орындалу барысы;
2025 жылғы жазғы кезеңде кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру қорытындылары;
Кәсіподақтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары;
«Мектепке жол» жыл сайынғы акциясы;
Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдары;
Кәсіподақтың жергілікті құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.
Батыр Әлиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылармен пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады. Отырыста нақты шешімдер қабылданып, тиісті қаулылар бекітілді.