МАҢҒЫСТАУДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Маңғыстау облысының білім басқармасының аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Жыл қорытындысы-2025» шарасы өтті.
Шараны Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Газимова Құралай Нұрлығайынқызы құттықтау сөз сөйлеп ашты.
Шарада дене тәрбиесі мен спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен және Ұлттық мектеп лигасының жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушылары марапатталып, арнайы кубоктар мен естелік медальдар табысталды.
Түрлі деңгейлі турнирлерде жеңімпаз, жүлдегер атанған арнайы білім беруді қажет ететін балалар және тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық олимпиадасының жеңімпаздары мараптталды.
Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің спартакиадасы аясындағы ұлттық спорт лигасының облыстық жарысының, техникалық және кәсіптік білім беру педаготары мен қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша кубоктар мен дипломдарды Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облысы ұйымы төрағасы Баимбетова Тарбия Анайбекқызы табыстады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласында өткен колледж студенттері арасындағы «Еңбек кубогі» республикалық спартакиадасының жеңімпаздарын, Алматы қаласында өткен колледж педагогтары мен қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадасы жүлдегерлерін және бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздар марапаталды.
Маңғыстау облыстық ұйымы