ШАЛҚАРДА КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ақтөбенің Шалқар ауданында кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибелерін насихаттау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауда тиімді тәсілдерді қарастыру, кәсіподақ жұмысының сапасын арттыру және заманауи басқару мен коммуникация әдістерін енгізу мақсатында «Озық тәжірибе кәсіподақ ұйымында» тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар «Додекаэдр» әдісі арқылы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмаса отырып, кәсіподақ қызметіне қатысты теориялық білімдерін толықтырды. Бұл әдіс қатысушылардың белсенділігін арттырып, тәжірибе алмасуға жол ашты.
Семинардың практикалық бөлімінде Қорғантұз орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейл Үмбеталин өз іс-тәжірибесін ортаға салды. Кәсіподақ көшбасшысы ұйым жұмысын жетілдіруге бағытталған озық тәсілдер мен нақты мысалдарды ұсынды.
Іс-шара аясындағы тәжірибелік кеңестер мен ашық пікір алмасулар қатысушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы болды. Семинардың практикалық бағытта құрылуы, өзекті мәселелердің қамтылуы және төрағалардың белсенділігі іс-шараның тиімділігін арттыра түсті.
Кері байланыс кезеңінде «Адам сұлбасы» әдісі қолданылып, кәсіподақ төрағалары алған ақпарат пен тәжірибені алдағы уақытта өз ұйымдарының жұмысында тиімді пайдалануға болатынын жеткізді.
-
Фото
-