БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының және аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Достық кубогі» волейбол турнирі өтті. Аталған спорттық шара спортсүйер жастарды бір арнаға тоғыстырып, өзара сыйластық пен командалық рухты нығайтуға бағытталды.
Турнирдің негізгі мақсаты — волейбол спортын кеңінен насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру, достық қарым-қатынасты күшейту және үздік командаларды анықтау болды.
Жарыс барысында қатысушы командалар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен тактикалық шеберлігін көрсете білді. Әр ойын тартысты өтіп, спортшылар жеңіске деген жігерімен қатар жоғары спорттық мәдениетті сақтауға ерекше мән берді.
«Достық кубогі» турнирі тек жарыс қана емес, достық пен ынтымақты дәріптейтін, салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт мерекесіне айналды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін мектебі иеленді. Екінші орын Ембі аумағы командасына бұйырды. Үшінші орынды №4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін мектебі алды.
Марапаттау рәсімінде Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен сыйлықтарды табыстады.
Аталған турнир білім саласы қызметкерлері арасындағы ынтымақ пен достықты нығайтуға өз үлесін қосты.